Менің ойымша, Конституцияның бірінші және екінші баптарындағы өзгерістер елдің негізгі құрылымын нақты әрі түсінікті етеді. «Жалпы ережелер» атауының орнына «Конституциялық құрылымның негіздері» деп өзгеруі мемлекеттің іргетасы неден тұратынын айқын көрсетеді. Кейбір уақытша немесе артық нормалардың алынып тасталуы Конституцияны ықшам әрі түсінікті етеді.
Ең бастысы, Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, біртұтас болуы, аумақтық тұтастығы және басқару формасы өзгермейтіні нақты жазылған. Бұл елдің тұрақтылығын сақтауға және азаматтарға сенімділік беруге бағытталған маңызды норма деп ойлаймын. Көшкөмбаев
Қалиахмет Салихұлы,
Іргелі ауылдық округігінің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
