Егемендік пен тәуелсіздікті, унитарлық құрылымды, аумақтық тұтастықты және республикалық басқару нысанын өзгермейтін құндылықтар ретінде Конституцияда бекіту — мемлекеттіліктің берік іргетасы екенін көрсетеді. Бұл қағидалар елдің тұрақтылығы мен бірлігін сақтауға, құқықтық жүйенің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай мызғымас нормалар қоғамға сенімділік береді және ұлттық мүдденің әрдайым басты орында болатынын айқындайды. Сондықтан бұл — болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі мен елдің ұзақ мерзімді дамуына жасалған маңызды құқықтық кепіл деп бағалауға болады.
Дидар Утемисов,
Қарасай ауданы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» бөлім басшысы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
