Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы.
🔑Еgov.kz арқылы:
📌Порталдың “Бизнесті тіркеу және оны дамыту” бөлімшесінен қажетті қызметті тауып, онлайн сұратыңыз;
📌Бірінші қадамда ұйым жайлы деректерді толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазыңыз;
📌Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;
📌Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетіңіз.
📌Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшінші қадамда банк талап еткен құжаттарды тіркей отырып рәсімдеңсіз.
📌Келесі қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.
📌Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
☝️Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетіңізше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиісті тармақты белгілемеңіз.
❗Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмірі порталда көрсетілген соң, ол 1 сағат ішінде әрекетті растауы қажет.
⏰Қызмет уақыты – 1 сағ. (Қайта тіркеу- 1 жұмыс күні). Нәтижесін жеке кабинетіңізден аласыз.