Мемлекеттік корпорация ерекше клиенттеріне әрдайым қамқорлықпен кызмет көрсетеді. Барлық фронт-офисте жеңілдік терезелері жұмыс істейді, онда мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады. Бұл осы санаттағы азаматтарға қызметтерді тез және сапалы алуға көмектеседі.
Мысалы, есту қабілеті нашар азаматтарға қызмет көрсету кезінде сөйлеуді ым-ишара тіліне және керісінше аударатын «Сурдо-онлайн» сервисі іске қосылады. Сондай-ақ, 1, 2 топ мүгедектігі бар адамдар және ҰОС ардагерлері ХҚО қызметкерлерін үйге шақыра алады.
Ол үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметті үйден алуға өтінім қалдыру қажет. ХҚО мамандары құжаттардың толықтығын, келетін күні мен уақытын нақтылау үшін алдын ала хабарласады.
Үйден қызмет көрсету 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және тегін көрсетіледі.