Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарына New York Film Academy (NYFA) оқу орнына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында жастар кино және медиа саласындағы білім беру мүмкіндіктерімен танысып, шығармашылық мамандықтар туралы ақпарат алды. Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталды.
Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – болашаққа жасалған маңызды қадам!

