«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласы әкімдіктерімен және SDU UNIVERSITY Студенттік Омбудсмені және университет белсенділерімен бірге бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргіздік.
Тазалық — туған жерге деген құрметтің көрінісі. Әрқайсымыз өз ортамыздың тазалығына жауапкершілікпен қарасақ, еліміздің көркеюіне үлес қосамыз.
Алайда тазалық дегеніміз — тек көшелерді қоқыстан тазарту ғана емес. Ол — адамның ішкі мәдениеті, ойының тазалығы, сөзінің әдебі мен қарым-қатынасының көркемдігі.
Еліміздің тазалығы әрқайсымыздың өзімізден басталады. Қоршаған ортамызды таза ұстап қана қоймай, сөзімізге, ісімізге және адамдармен қарым-қатынасымызға да жауапкершілікпен қарайық!

