Қарттар күніне орай Қарасай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері В.Г. Белинский атындағы мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» сыныбымен бірлесіп, ауданымыздағы қарттарды арнайы барып құттықтады.
💐 Ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған жас сақшылар үлкендерге құрмет көрсетудің, ізеттілік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті.
Қариясы бар елдің — қазынасы бар.
Барша ардақты ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

