Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Республикалық референдум туралы» ҚР-ның Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл біздің елімізді алдағы уақытта жаңа өзгерістер күтіп отыр деген сөз.
Жеке басым Ата заңымызға бірқатар ауқымды өзгерістер қажет деп ойлағандықтан Президентіміздің референдумын қолдаймын. Бұл референдумның өткізілуі қоғамдағы саяси мәденниеттілікті көтеруге, азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға және жаңа бағыттағы өзгерістерге алып келетін бастамалардың бірі болатындығына сенемін.
Халқымыз айтқандай «елу жылда ел жаңа» демекші осы уақытқа дейін саясатымыз, мәдениеттіміз, Ата заң талай рет өзгерген. Бірақ, бұл жолғы өзгерістің өңі де мәні де ерекше болайын деп отыр. Жаңа өзгерістер арқылы біз қарапайым халық болашақтағы өзгерістерге шынайы қаншалықты қатыса алатындығымызды көре алатын боламыз, сондай-ақ, біздің елдегі саяси мәдениеттің жаңа бір деңгейі қалыптасады деп ойлаймын.
Бұл жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім.
Гүлсім ИСАЕВА,
Зейнеткер, ардагер ұстаз
Қаскелең қаласының тұрғыны