Адамдар айтқан сөзімен, сол сөзді атқарған ісімен танылады демекші таяуда Мемлеткет басшысымыз Қасым-Жомарт Тоқаев халқына жолдаған Жолдауында жақын арада кезектен тыс Президент сайлауын өткізетіндігі жайлы айтқан болатын. Енді міне, араға ұзақ уақыт салмай сайлау науқан қараша айының 20 күні өтеді деген жарлыққа қол қойды. Бұны мен ел болашағы үшін Президенттің қабылдаған ұтымды шешімі деп бағалаймын.
Қазіргі таңда ел басшысы айтқандай, әлемдік саясат тұрақты емес. Сондықтан келешекке кемелді жоспар құру үшін нақтылық қажет. Алдағы ауқымды шара жай ғана президентті таңдау емес, сондай-ақ, жалпы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі позициясы мен ішкі саяси бағыт-бағдарын анықтауға бағытталған саяси науқан деп білемін. Бүгінде Президентіміздің тарапынан егеменді еліміздің гүлденуі, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін қолдан келгеннің барлығы жасалуда. Сондықтан бізде, Қазақстан республикасының азаматтары ретінде сайлауға бірауыздан атсалысуымыз қажет деп ойлаймын.
Әрбір азамат елдің, өзінің, келер ұрпағының келешегі үшін маңызды шараға атүсті қарамауы керек.
Ақлия БЕКБАЙҚЫЗЫ,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.