Бүгін жастар саясаты бағытында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында SDU университетінде студенттермен «Жастар арасындағы этносаралық келісім және нашақорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында этносаралық татулық пен келісімді нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара барысында студенттерге қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімнің маңызы, сондай-ақ есірткі заттарының адам өмірі мен қоғамға тигізетін кері әсері және оның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.

