ҚР ҚК-нің 64 бабы 2 бөлігіне сәйкес, шартты түрде сотталған адам қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасылық -тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша пробациялық бақылау мерзімін ұзарта алады, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады. Қарасай Аудандық пробация есебінде тұрған шартты сотталған Е.Шынгаев жазаны өтеп жүріп тәртіпті бұзған,яғни пробация бөліміне ескертпей басқа елді мекенге кеткендігі үшін бақылау мерзімін 1 айға ұзартқан.
Алматы облысы Қарасай аудандық пробация қызметі есебінде шартты сотталған жазасын өтеп жатқан сотталған тұр. Жаза өтеу барысында Ол жаза өтеу тәртіптері мен міндеттерін бұзғаны үшін Қарасай аудандық сотының қаулысымен бақылау мерзімін 1 айға ұзартқан.