Құқықтық статистика органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет алу тәртібіндегі оң өзгерістер мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Мемлекет басшысының неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, ақпаратты цифрлық растауды қамтамасыз ете отырып, аудан тұрғындарына төмендегілерді іске асыру үшін хабарлайды.
Құқықтық статистика органдарымен мемлекеттік 9 түрі қызметтері алдағы уақытта көрсетіліп жүрген болатын, қазіргі кезде мəлімет жəне жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы алу мүмкіндігі іске толығымен асқандығын хабарлайды.
Атап айтқанда, осы бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ақпаратты цифрлық растауды қамтамасыз ете отырып, яғни өткен жылдың қазан айында және ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) мемлекеттік органдардың ұсынған ұсыныстары және анықтамалардың күшін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінде өзгерістер енгізілді, атап айтқанда 9 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қазіргі кезде алынып тасталды, мысалы мына төмендегі көрсетілгендей:
– Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтер беру (404 629 жыл бойы қағаз айналымдар);
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру (жылына 1 млн-нан астам анықтама);
– Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру (жылына 44 анықтама);
– Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру (жылына 307 224 анықтама);
– «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру (жылына 3 288 055 анықтама)
– Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру (жылына 40 856 анықтама);
– Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме беру (жылына 106 079 анықтама);
– Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімдерінен, тауар шығарылған жерлердің атауларынан үзінді көшірме беру (жылына 192 анықтама)
Осы жоғарыдағы 9 мемлекеттік қызмет көрсету анықтамаларды алып тастағаннан кейін мұндай ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің әртүрлі тәсілдері бар, мысалы:
1) мекенжай анықтамасы дербес деректердің болуын ескере отырып, үшінші тұлғаларға арналған сервис арқылы беріледі (https://egov.kz/cms/ru/services/pass_sr11);
2) есепке алынуы Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ақпараттық ресурста қолжетімді ету болып табылады kgd.gov.kz (https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web);
3) азаматтың жеке өзіне қажетті кейбір мәліметтер оның «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде қосымша көрсетіледі;;
4) мемлекеттік органдар үшін интеграциялық өзара іс-қимыл;
5) «Электрондық үкімет» порталында жалпыға қолжетімді нысанда жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы артық қағаз айналымын болдырмау мақсатында «электрондық үкімет» порталында Шығыс құжатты басып шығару мүмкіндігінсіз ақпаратты қарау режимінде тізілімнен шығарылған мәліметтерді көрсетуді іске асыру туралы атап өтеміз.
Алайда, жеке және заңды тұлғалардан анықтамалардың қағаз нысанын, әсіресе «Заңды тұлғалар» мемлекеттік базасынан анықтамалар беру» қызметі бойынша басып шығарудың мүмкін еместігіне қатысты өтініштер келіп түседі.
Жоғарыда көрсетілген анықтаманың 10 кіші түрі бойынша ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады, яғни ол ЭЦҚ-сыз (бір реттік пароль бойынша) тапсырыс бере алатын кез келген портал пайдаланушысына қарау режимінде қолжетімді.
Сонымен қатар, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама тізілімнен шығарылмаған, оны алу техникалық жағынан pdf-форматында қолжетімді.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сіздің мекемеңізде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғаларға мәліметтер алу тәсілдерін жеткізуді сұраймыз.
«Атамекен» ҰКП бизнес пен мемлекеттік органдардың келіссөз күштерін күшейту үшін құрылған ұйым ретінде, сондай-ақ барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету мақсатында шағын, орта және ірі бизнес субъектілерін анықтамалардың талап етілуін болдырмау шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы хабардар етуге жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз.
Бұдан бөлек, оң өзгерістер осы бағытта іске асыру үшін қолданысқа берілді: мысалы азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы артық қағаз айналымын жою мақсатында жасалғанын азаматтарға түсіндіру қажет. Атап айтқанда, неғұрлым сұранысқа ие анықтамаларды және қағаз жүзіндегі куәландыруларды ақпараттық цифрлық растаумен қамтамасыз ете отырып, жою туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты жұмыс үшін жолданады.
Мемлекеттік қызметтер тізілімінен (бұдан әрі – МҚТ) шығарылған жекелеген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында шығу құжатын басып шығару мүмкіндігінсіз ақпаратты қарау режимінде көрсету жүзеге асырылғаны туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Шығу құжатын басып шығару мүмкіндігінің болмауы техникалық ақаудың салдарынан емес, азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы артық қағаз айналымын жою мақсатында жасалғанын азаматтарға түсіндіру қажет.
Осындай түсіндіру сипатындағы іс-шараларды Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлерімен де жүргізу керек.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы №390/НҚ бұйрығымен (2020 жылы 21 қазанда № 21463 Әділет министерлігінде тіркелген) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есебі бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметі оны толықтай автоматтандыруға және порталдың жеке кабинеті арқылы ұсынуға байланысты МҚТ алынып тасталған.
Бұл процесстің автоматтандырылуы Мемлекеттік корпорацияны және қызмет берушінің кеңсесін айналып өтіп, ЖСН бойынша онлайн режимде азаматтардың әкімшілік анықтамасын алуға мүмкіндік берді. Анықтама алу уақыты 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқарды.
Сонымен қатар, «Анықтаманы үшінші тұлғамен алу сервисі» және eGov mobile арқылы әкімшілік анықтаманы үшінші тұлғамен алу мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Бұдан басқа, көрсетілген ақпараттарды еркін қолжетімділікте «Өзіңнің айыппұлыңды біл» атты қосымшадағы Комитеттің http://qamqor.gov.kz сайтынан алуға болады, өзіңнің ЖСН және жеке бас куәлігінің нөмірін енгізе отырып.
Бүгінгі күнде, бізің үш мемлекеттік қызыметімізді оңайлатып және жеделдетіп порталдан алуға болатын мүмкіндік жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Жүргізілген бұл жұмыс азаматтардың сұрауларының көп бөлігін үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік берді.
Қызметті оңтайландыру аясында азаматтарға оны ұялы байланыстың абоненттік қондырғылары арқылы, яғни порталдың ұялы түрі арқылы алу мүмкіндігі ұсынылған.
Азаматтар үшін тағы да бір ыңғайлылық шет елге шығу үшін анықтамаға сұрауды электронды түрде беру мүмкіндігі, қағаз жүзінде алуға өтініш білдірген Мемлекеттік корпорацияның филилдарының мекенжайын таңдай отырып. Бұрын сұрау тек қағаз жүзінде міндетті түрде Мемлекеттік корпорацияға барып жолданатын.
Порталда «Анықтаманы үшінші тұлғамен алу сервисі» көмегімен сұрау салған бастамашы өз бетінше егерде бұл тұлғаның келісімі болған жағдайда, басқа тұлғаға қатысты электрондық сұрау жолдай алады. Электрондық анықтама алуға Мемлекеттік корпорацияның форнт-кеңсесіне азаматтарды жіберудің қажеті жоқ.
Анықтаманы «EgovKzBot» қосып Telegram мессенджері көмегімен де алуға болады. Анықтама алуға керектің барлығы – азаматтардың мобильді базасына тіркелу.
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы апостильмен беру бізге оны азаматтарға композитті беруге мүмкіндік берді, яғни «бір өтініш» қағидаты бойынша. Бұл үшін композитті қызмет алуға өтінішті электронды түрде беру, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің көмегімен онлайн режимде баж салығын төлеу, қағаз жүзінде нәтижені алу үшін, порталда Мемлекеттік корпорацияның филилдарының мекенжайын таңдау мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Комитеттің қызметтерін 100% электрондық нысанға көшіру мақсатында, ҚР Әділет министрлігінің «Е-Апостиль» сервисін жүзеге асыру аясында апостиль қою бойынша қызметті толықтай автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/болмаса архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік қызметі жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде көрсетіледі.
Архивтік анықтама алу үшін қызмет алушы портал және Мемлекеттік корпорация баламасы арқылы туыстығын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса сала отырып, өтініш береді, қажет болған жағдайда оны апостильмен бірге композитті түрде ала алады.
Цифрлық құжаттарды және сервистерді белсенді пайдалануды қамтамасыз ету, азаматтардан құжаттарды талап етуді қысқарту мақсатында, Комитет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы электронды түрде алу, сонымен бірге мәліметтерді тек шығу құжатын басып шығару мүмкіндігінсіз, ақпаратты қарау режимінде көрсету, бірақ «бөлісу» мүмкіндігінің болуы пысықталуда.
Сонымен қатар, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға олардың қызметтерін реттейтін заңнамалық немесе заңға тәуелді актілерден ақпараттық жүйелер және сервистер көмегімен алуға қолжетімді соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама/мәліметтерді азаматтардан талап етуді жою бойынша өз беттерінше жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы хат жолданды, қажет болған жағдайда оны техникалық жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдай отырып.
Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметтері азаматтарға жүк салмай, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мәліметтерін дербес құрамды басқарудың «Е-Кызмет» интеграцияланған ақпараттар жүйесі арқылы өздері ала алатындары түсіндірілсін.
С.Б. Оразахун,
ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің Алматы облысының
Қарасай ауданы бойынша прокуроры.