Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері кітапхана қызметкерлерімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстелдің мақсаты қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке қасиетті асқақ ұстауға нұсқау болып табылады. Жалпы дөңгелек үстел барысында қасытушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, Мәдениет үйінің әдіскерлері Гауһар Ермек және Өтжан Дария өз баяндамаларын оқып, ізденген әртүрлі ақпараттарымен бөлісті.
Гауhар Ермек,
Шамалған Мәдениет үйінің әдіскері