Егемен еліміз бен халқымыз үшін өте маңызды мәселелер айтылған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен мен де жедел әрі мұқият танысып шықтым. Осы орайда алдымен атап айтарым, Президентіміз дүние жүзіндегі өзге өркениетті мемлекеттермен иық теңестіріп отырған, олардың арасында абырой беделге ие туған Қазақстанымыздың одан ары қарай ілгерілеуіне қажетті басты істерді анық нұсқаған. Өсіп-өркендеуімізге апаратын жол-жобаларды айқын көрсеткен. Яғни, әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың басым бағыттарын белгілеп берген.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы пандемиядан кейінгі экономикалық даму, цифрландыру жедел ілгерілету, денсаулық саласының тиімділігін арттыру, ғылым мен білімді алға бастыруспорт пен дене тәрбиесінің бұқаралылығын көтеру, экология, еңбек нарығы, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және тағы да басқа осы тәріздес аса өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарына назар аудартты.
Осы орайда өзіме ең жақын салаға келетін болсам, Президент Жолдауында әдеттегідей осы жолы да білімге көп көңіл бөлінген деп атап айтар едім. Яғни, мемлекет басшысы жас ұрпаққа заманауи сапалы білім беруді одан әрі жақсарту жолында атқарылар ауқымды жұмыстар жайын кеңінен баяндады. Оның ішінде мұғалімдердің жалақы мәселесі, оқушылар орнының жетіспеушілігіне байланысты жаңа мектептер салу, балаларды ерте бастан мамандыққа дайындау, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларының білім, мүмкіндігі шектеулі балалардың алуға толық қолжетімділігінің болуы сияқты өте өзекті істер қамтылған.
Жалпы, тәуелсіз Қазақ елінің басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетімізді дамытуға, халқымыздың өмір-тұрмысын жақсартуға байланысты қойған міндеттері мен мақсаттары бәріміздің де көңілімізден шықты деп айта аламын.
Эльвира Разақпаева,
А. Пушкин атындағы орта мектептің директоры.