Талғар ауданы
Қыс мезгілінің басынан Талғар ауданының таулы учаскелерінде алты профилактикалық қар көшкіні жүргізілді. Шамамен 2600 текше метр қар массасы жарылысы жұмыстары арқылы етекке түсірілген. Бұл халықты тосын табиғи апаттардан қорғау, сондай-ақ төтенше жағдай-лардың алдын алуға бағытталған іс-шара. Аймақ құтқарушы-лары тұрғындар мен ауданға келген туристерге жақын арада ауа-райының нашарлауына байланысты таулы жерлерде демалудан бас тартуды сұрайды.
Талғар ауданында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде алдын алу шараларын күшейту жұмыстары мықтап қолға алынған. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандарымен бірлесіп таулы жерлерде жиі мониторинг жүргізіп тұрады. Сондай-ақ, ықтимал қауіпі жоғары аймаққа жақын тұратын тұрғындар үшін профилактикалық шараларды өткізіп тұрады.
– Ауданымызда қар көшкіні үшін қауіпті 31 аймақ бар. Соның ішінде екі участок «Ақбұлақ» демалыс орны мен Бесқайнар ауылындағы «Табаған» демалыс орындар. Бұл жерлерде қар көшкіні қаупі жоғары деп саналады. Яғни таулы аймақ болған, бұл жерлерге адамдар өтуін бақылау бойынша жұмыс істейміз. Жалпы, бүгінгі күнге ауданда алты жарылыс жұмыстары жүргізілді. Қар көшкінін алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шара, – дейді Талғар ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы Еркебұлан Тергеусізов.
Қазіргі уақытта Талғар ауданында таулы курорттарына апаратын барлық жолдар жабылған. Саладағылар азаматтарды құзіретті органдардың ескертулері туралы смс-хабарламалар елеусіз қалдырмауға шақырды.
Айта кетейік, Алматы облысындағы көшкін қаупі бар учаскелер Іле Алатауының таулы беткейлерінде орналасқан, олардың ішінде Қотыр бұлақ, Талғар, Есік және Түрген өзендерінің бассейндері кіреді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.