Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының Іргелі ауылдық округінің тұрғындарымен өткізген кезекті кездесуінде Кемертоған ауылы ақсақалдар алқасының мүшесі Кенже ақсақал №246 қоғамдық көлік бағытының соңғы аялдамасы мен тұрақ орнын тұрғындар мен автобус жүргізушілеріне қолайлы етіп абаттандыру жөнінде ұсыныс білдірген болатын.
Аталған өтініш аудан әкімінің назарынан тыс қалмай, мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазіргі таңда қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы мен тұрақ орнын ыңғайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

