Қарасай ауданында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары еңбек ұжымдарымен кездесіп, қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың алдын алу тәсілдері, қаржы пирамидаларына тән белгілер және күмәнді қаржылық ұсыныстарды ажырату жолдары айтылды. Сондай-ақ дропперлік схемаларға қатысудың құқықтық жауапкершілігі мен заңсыз қаржы операцияларына араласудың салдары кеңінен түсіндірілді.
Осындай кездесулердің маңызы зор. Себебі қаржылық сауатты әрі құқықтық мәдениеті жоғары қоғам экономикалық қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар Қарасай ауданында да тұрақты түрде жалғасын табады.

