«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен Қарасай ауданында “Таза Қала – Таза Болашақ” акциясы өткізіліп, Қаскелең қаласының Тұрғын үй аулаларына тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкені абаттандыруға үлес қосу.

