Жібек жолы ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай үстел теннисінен жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

