Шағын кәсіп ашуды қолға алсаңыз, онда біз сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қалтаңыз бен жүйкеңізге зияны жоқ ең оңай жолын айтамыз.
Бұл жұмысты тез, тегін және үйден шықпай-ақ Halyk Bank немесе Kaspi.kz арқылы жасауға болады.
Сізге керегі тек смартфон.
Егер Halyk Bank арқылы тіркегіңіз келсе, алдымен Onlinebank мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз немесе openaccount.halykbank.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.
Ал Kaspi.kz-те мемлекеттік қызметтер бөліміне өтсеңіз болды.
Ары қарай өзіңіз туралы және сіздің болашақ бизнесіңіз туралы ақпаратты толтырасыз.
Құттықтаймыз, сіз жеке кәсіпкер болып тіркелдіңіз. Тіркеу құжаттарын жүктеп алу ғана қалды.