Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі.
Суретші №949 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге жиналған тұрғындардың жүздеріндегі көңіл күйді, сайлау учаскесіндегі ерекше атмосфераны және тарихи күннің маңызды сәттерін қағазға түсірді.
Бұл – сайлауды сурет арқылы хаттап, бүгінгі күнді болашаққа өнер тілімен жеткізудің ерекше тәсілі. Қарапайым көрінген сәттердің өзі уақыт өте келе тарихтың бір бөлшегіне айналмақ.
Ең қызығы – бұл туынды Құрылтай сайлауының өту барысын бейнелейтін алғашқы көркем жұмыстардың бірі болмақ.

