ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен министрліктің көшпелі алқасы өтті, онда өткен жылы ДДҰ Еуропалық өңіріне мүше 53 мемлекет үшін МСАК бойынша әлемдегі алғашқы демонстрациялық алаң ашылды. Алқаның шеңберінде алқаға қатысушылар өңірлерге трансляциялау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық ауруханасы базасында медициналық көмек көрсетудің озық практикалардың тәжірибесін зерделеді.
Алқаның бірінші бөлігінде өңірлердің денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы ақпарат, сондай-ақ өңірлердің рейтингін қалыптастыра отырып, халықтың денсаулығын сақтаудың өңірлік көрсеткіштері тыңдалды.
Екінші бөлімде Денсаулық сақтау вице-министрлері мен денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды. Онда проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник өзінің шолу баяндамасында 2022 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 2019 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша оң динамиканы атап өтті.
Мәселен, есепті кезеңде халықтың жалпы өлімі 5,8%-ға, нәресте өлімі 4,8%-ға төмендеді, ҚЖА-дан өлімнің төмендеуі 6,3% -ды құрады, тыныс алу ағзаларының аурулары 46%-ға, туберкулез 30%-ға, обырлар 14-ға төмендеді.
Вице-министр өткен жылы ауыл тұрғындары үшін ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтер қайта қаралып, кеңейтілгенін еске салды.
«2022 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында 896 мың ауыл халқы зерттеліп-қаралды, оның ішінде көрсетілімдер бойынша қосымша 78 мың адам зерттеліп-қаралды, оның ішінде 33 мың адам аурудың ерте белгілерімен анықталды, скрининг нәтижелері бойынша 18 мың науқас амбулаториялық, 1254 стационарлық емделді»,- деді В.Дудник.
Ауыл тұрғындарын зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тыныс алу ағзалары ауруларының (50%), бүйректің созылмалы ауруларының (35%) және асқазан-ішек патологиясының (31%) анықталуы аса жоғары.
МСАК жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі, скринингтермен қатар, артериялық гипертензиясы, қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің ауруларды басқару бағдарламасына (АББ) қатысу үлесі болып табылады.
Елімізде барлығы 149 ЖМК ауыл тұрғындарына медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетеді, биыл олар 3219 ауылды қамтуы тиіс.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ЖМК 496 ауылдың 200 мыңнан астам тұрғынын қамтыды, бұл ретте анықталған науқастардың үлес салмағы 6%-ды құрады.
Қанайналым жүйесі ауруларынан емдеу тиімділігі бойынша өңірлердің рейтингтік көрсеткіштерін атап өтіп, Алматы облысы барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілген қолайлы көрсеткіштердің бірі ретінде атап өтілді. Инсульт кезінде медициналық көмек көрсету көрсеткіштеріне қатысты Түркістан, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Алматы және Астана қалаларының жоспарлы мәндерінен барынша нәтижелер көрсетілді. Хирургиялық белсенділікті, операциядан кейінгі өлімді қоса алғанда, хирургиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша ең қолайлы өңірлердің қатарында Түркістан және Жамбыл облыстары аталды. Атырау, Павлодар, ШҚО, Астана және Алматы қалалары осы бағыттағы негізгі индикаторлардың орындалуына қол жеткізіп, халыққа онкологиялық көмек көрсету бойынша көшбасшы атанды.
Сөзін қорытындылай келе, В. Дудник Астана, Жамбыл және Түркістан облыстарының медициналық көмек көрсету сапасы бойынша үздік өңірлердің бірі екенін атап өтті.
Алқа барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі күтілетін жаңалықтар туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сөз сөйледі. Ол бірқатар медициналық қызметтерді шамадан тыс тұтыну мәселелеріне, атап айтқанда консультациялық-диагностикалық көмекке назар аударды.
Ол медициналық көмек көрсету сапасының мониторингі нәтижелерінің деректеріне сәйкес амбулаториялық деңгейде КДҚ шеңберінде медициналық көмек көлемін орындау жоспарын асыра орындаудың себептерінің бірі қосып жазулар болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты 1 ақпаннан бастап сатып алу шартына сәйкес ай сайынғы қаржыландыру жоспары шеңберінде өнім берушінің медициналық қызметтер көлемінің орындалуын бақылау мақсатында желілік шкала енгізілді.
Бұдан әрі КТ/МРТ қымбат қызметтерінің айтарлықтай өсуі байқалады, оларды көрсетуге 2023 жылы 32 млрд.теңге бөлінді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 95%-ға артық. Көрсетілген КТ және МРТ қызметтері бойынша Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында қолжетімділіктің жоғары көрсеткіштері, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы – төмен көрсеткіштер байқалады. Т. Сұлтанғазиев ЖСМК ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармалары деңгейінде қымбат диагностиканы тағайындаудың негізділігін тұрақты негізде бақылау қажеттігін атап өтті, бұл бірінші кезекте көрсеткіштері жоғары өңірлерге қатысты.
Бұдан әрі КТ/МРТ қымбат қызметтерінің айтарлықтай өсуі байқалады, оларды көрсетуге 2023 жылы 32 млрд.теңге бөлінді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 95%-ға артық. Көрсетілген КТ және МРТ қызметтері бойынша Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында қолжетімділіктің жоғары көрсеткіштері, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы – төмен көрсеткіштер байқалады. Т. Сұлтанғазиев ЖСМК ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармалары деңгейінде қымбат диагностиканы тағайындаудың негізділігін тұрақты негізде бақылау қажеттігін атап өтті, бұл бірінші кезекте көрсеткіштері жоғары өңірлерге қатысты.
МӘМС жүйесін жетілдіру шеңберінде бүгінде сақтандыру медицинасы жұмысының сапасы мен ашықтығын жақсартуға қабілетті мынадай шешімдерді іске асыру ұсынылады. Бұл ТМККК және МӘМС қаржыландыру көздерін біріктіру, ТМККК және МӘМС есебінен медициналық көмекті қосымша қаржыландыру, медициналық қызметтер пакеттерін нақты ажыратуды енгізу, аурулардың профилактикасына, балаларға, жүкті әйелдерге және әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмекке басымдық бере отырып, медициналық көмектің түрлері бойынша қаражатты оңтайлы бөлу практикасына көшу, медициналық сақтандыру қорының медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен қатар, ол барлық кезеңдерде, соның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы қаржы ағындарын бақылауды қамтамасыз ету, лицензиядан кейінгі, проактивті мониторинг жүргізу, алаяқтыққа қарсы күрес арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау жүйесін құру маңызды екенін атап өтті.
Медициналық сақтандыру қорының деректері бойынша бүгінгі күні қормен тікелей шарттар бойынша медициналық көмек көрсететін өнім берушілердің саны 1 933, оның ішінде 709 (37%) мемлекеттік және 1224 (63%) жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектісін құрайды.
Келесі мәселелер блогы денсаулық сақтауды цифрландыруға арналды. Ол туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев баяндама жасады. Ол медициналық ақпараттық жүйелерде енгізілген бірқатар жаңалықтар туралы хабарлады. Мәселен, Астана қаласындағы 16 емханада, сондай-ақ Қарағанды мен Қостанайда пилоттық тәртіппен электрондық рецептілерді тану үшін штрих және QR код оқығыштар сатып алуды жүзеге асыру жоспарлануда. Пациенттерге медициналық көмек көрсету фактісін растау үшін цифрлық құрал енгізіледі деп күтілуде. Цифрлық аспаптың көмегімен дәрігермен «кері байланыс» орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, Б. Есенбаевтың айтуынша, EDENSAULYQ архитектурасын құру шеңберінде eGovMobile мобилдік қосымшаларында пациенттерге арналған «eGov.Densaulyk» сервисінде қолжетімді мәліметтерді кеңейту жоспарлануда. «Патронаждық мейіргер» МБ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру, IOS-қа бейімдеу көзделіп отыр. Жақын арада дәрігердің тағайындауына сәйкес рецепттерді электрондық форматқа толық аудару, сонымен қатар пациенттерге ДЗ және МБ тағайындаудың негізінде жасалған рецепттерді автоматты түрде құру жүзеге асырылатын болады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметнияз комитет пен ӘлМСҚ деректері бойынша 2022 жылғы шағымдар бойынша медициналық ұйымдарды саралау нәтижелері туралы хабардар етті. Мұнда ол шағымдар саны бойынша бірқатар аутсайдер-медициналық ұйымдарды атады, оның ішінде Шымкент қаласы бойынша №1 қалалық клиникалық аурухана, № 3 қалалық емхана, СҚО бойынша – көп бейінді облыстық аурухана, №1 қалалық емхана, №2 қалалық емхана, №3 қалалық емхана, көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Қызылорда облысы бойынша – көп бейінді қалалық аурухана, Шиелі ауданаралық ауруханасы, Жалағаш аудандық ауруханасы, көп бейінді облыстық аурухана, көп бейінді аурухана, Астана қаласы бойынша – «Салауатты Астана» ЖШС, «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС, № 4 қалалық емхана, №8 қалалық емхана, №10 қалалық емхана.
Сондай-ақ, алқа отырысында ДДҰ Еуропалық бюросының елдік стратегиялар және денсаулық сақтау жүйелері департаментінің директоры Наташа Азоппарди Мускат, сондай-ақ ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Еуропалық орталығы офисінің Басшысы Мелитта Якаб Еуропалық өңірде денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту жолында денсаулық сақтау жүйелерін күшейту және МСАК жетістіктері тақырыбында баяндама жасады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.