Алдағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең. Бұл – белгілі бір адамды қолдау немесе біреудің пікіріне еру емес, әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауының көрінісі.
Кейде сайлауға баруға уақыт табу, үміткерлердің бағдарламаларымен танысып, саналы шешім қабылдау оңай емес. Алайда дәл осындай жауапты сәттерде әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз айқындалады. Өйткені мемлекетіміздің ертеңі әр адамның бүгін қабылдаған шешімінен бастау алады.
Егер біз әділ қоғамда өмір сүріп, халықтың үні естілгенін қаласақ, онда өзіміз де қоғамдық өмірден шет қалмауымыз қажет. Белсенді азаматтық ұстаным – ел дамуының басты негіздерінің бірі.
Сондықтан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу – жай ғана дауыс беру емес. Бұл – туған еліміздің болашағына бейжай қарамайтынымызды, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуға дайын екенімізді білдіретін маңызды қадам. Әр дауыс маңызды. Әр таңдау – елдің ертеңіне қосылған үлес.
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы.

