Қоғамның дамуы әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігінен басталады. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте шетте қалмай, өз пікірімізді білдіру – азаматтық парыз.
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – елдің қоғамдық өміріне өз үлесімізді қосуға берілген мүмкіндік. Бұл – тек дауыс беру ғана емес, әділдікке, ашықтыққа және тұрақты дамуға деген ұстанымымызды білдіру.
Бүгін қабылданған әрбір саналы шешім – ертеңгі Қазақстанның келбетін айқындайды. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, елдің болашағына бейжай қарамауы маңызды.
Елдің ертеңі – баршамызға ортақ құндылық. Оны қалыптастыруға әрқайсымыздың қосар үлесіміз бар.
Дидар Өтемісов,
Қарасай аудандық «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің аудандық бөлім басшысы.

