Өткен аптада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Райымбек ауылдық округінде пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді.
Акция барысында қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылды.
Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті. Заңды сақтап, қоршаған ортаны таза ұстайық!

