Отанға деген сүйіспеншілік – туған жерге құрметпен қарап, елдің дамуына өз үлесін қосу арқылы көрініс табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну және ел игілігі үшін адал еңбек ету қағидаттары қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі болып табылады.
Бүгінгі таңда отаншылдық ұғымы тек елге деген сүйіспеншілікпен шектелмейді. Ол – заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өз міндетіне жауапкершілікпен қарау және қоғам игілігі үшін аянбай еңбек ету. Әрбір азамат өз ісіне адал болып, ортақ іске үлес қосқанда ғана мемлекетіміздің әлеуеті артып, елдің ертеңі жарқын болмақ.
Әсіресе, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық және заңға құрмет сезімдерін қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені елдің болашағы – білімді, білікті, тәртіпті әрі өз ісіне адал азаматтардың қолында.

