Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан — қалдықтан табыс тап!» атты 30 күндік экологиялық челленджге белсенді қатысты.
Челлендж барысында студенттер қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды тиімді пайдалану, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау және қалдықтарды басқару бойынша пайдалы дағдыларды дамыту.
Аталған бастама аясындағы жұмыстар студенттердің қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесін айқындады.

