Қарасай ауданы ювеналды полиция басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің жатақханасында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында жатақхананың санитарлық және жалпы жағдайы қаралып, онда тұратын студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу жүргізілді. Сонымен қатар студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

