Бүгін Қонаев қаласының тұрғыны Талдыбек Алдабергенов 63 жасқа толған туған күнін сайлау учаскесінде қарсы алды.
Ол Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында қызмет істеп, зейнетке шыққан тұрғын ақжарма тілегімен де бөлісті.
«Туған күнімде сайлауға қатыстым. Еліміздің ертеңі жарқын болсын. Келе жатқан Әз-Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймын», – деді ол.