«Nur Otan» партиясының ұйымдастырумен өтетін дәстүрлі байқаудың негізгі мақсаты – тек қана үздік ұйымды анықтау емес, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру, жұмыс тәжірибесімен бөлісу, оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, БПҰ өкілдерін партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну үшін білікті және белсенді ұйым мүшелерін анықтап, кадрлық резерв қалыптастыру болып табылады.
Қазан айының бесі күні облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен облыстық байқау қорытындысы бойынша жыл бойы істеген еңбегі бағаланып, 345 бастауыш партия ұйымдарының арасында шамалғандықтар топ жарып, алға шығып 500-ден асқан партия мүшесі бар санат бойынша 2-ші орынға ие болды. Осы ретте, Ержас Тоқтасынов төрағалық ететін Шамалған БПҰ-ын жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, партия ұйымына үлкен жетістіктер тілейміз.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш партия қыркүйек айының 27-і күні өткен «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аудандық кезеңінін үздігі атанған болатын.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.