Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты. Ата-аналарымыз бізді бала кезімізден бастап жұмысқа баулыды. Өйткені, адам мен еңбек – ажырамас ұғым. Чарльз Дарвиннің теориясы бойынша, маймылдар еңбек етудің арқасында адам болып қалыптасқан. Ол туралы қаншама нақыл сөздер және афоризмдер жазылған. Менің пікірімше, бұл өмірде үлкен табысқа тек еңбекққор адамдар ғана жете алады. Солардың күш-қайратының арқасында мемлекетіміз гүлденіп, дамыған елдердің қатарынан табылады. Сондықтан біздің қоғамда еңбекқор адамдардың рөлі қашанда зор. Олар үшін бұл мерекенің маңызы зор деп білемін. Барлық еңбексүйгіш жандарды еңбек күнімен құттықтаймын. Қажыр-қайраттары таусылмасын, жемісті жетістіктері көп болсын.
Батиха НҰРТАЕВА,
Шамалған ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы.