Елдің әлеуметтік экономикасының тұрақты дамуы, әрине, алдымен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен сипатталатыны, айтпасақ та белгілі. Ал, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғыда үнемі жүйелі жобаларын атап көрсететін жыл сайынғы Жолдауларын да халыққа арнап келеді. Өткен жылдың 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында да байыпты бастамаларын Үкіметке тапсырған еді. Соның …
Осыдан бір апта бұрын, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVIIІ конференциясы болып, күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев жетекшілік етіп, жүргізіп отырды. Оның жұмысына қатысқандардың қатарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, партияның Алматы облыстық Саяси Кеңесінің …
Өмірінің 60 жылын ұстаздық жолға арнаған, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Сейітхан Исаев дүйсенбі күні өмірден озған еді. Cәрсенбі күні абыз ақсақалдың жаназасы Қаскелең қаласында өз үйінен шығарылып, денесі қара жерге тапсырылды. Сейітхан Ахметұлымен қоштасу рәсіміне жиналғандардың барлығы қадірлі қариямызды тебірене еске алып, ақтық сапарға шығарып салды. Ардагермен қоштасу рәсімін аудан әкімі Жандарбек Далабаев …
В рамках рабочей поездки в наш район аким области Амандык Баталов изучил ход работ по капитальному ремонту и расширению проезжей части дороги Алматы – Бишкек на участке «Райымбек – Алматы», а также посетил два строящихся физкультурно-оздоровительных комплекса, расположенных в Шамалганском и Райымбекском сельских округах. В поездке акима области сопровождали его заместители, аким района Жандарбек Далабаев, …
Қазіргі таңда біздің салт-санамызға жат нәрселер етек алып келеді. Солардың бірі қарттар үйінің көбеюі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп үлкендерді сыйлап, құрметтеген халықпыз. Қазіргі кезде немерелеріне ертегі айтар әжелер мен балаларына өсиет айтар аталарымыз жоқтың қасы.Оның бірден-бір себебі, осындай қарттар үйінің көптеп етек жаюында. Ғаламтор ақпараттарына сүйенсек, еліміздегі қарттар үйінің саны 87-ге жуықтапты. Отыз …
Жуырда, Қарасай ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орайластыра өткізілген мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы спартакиадада, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ормангалиева Динара Бақытқызы шахмат жарысында өте жақсы көрінді. Атап айтқанда, жүлделі 1-орын алып, аудан әкімінің Дипломымен марапатталды. Жеңісіңмен, Динара! Қарасай ауданы бойынша МКБ-ның ұжымы.
Өткен аптаның сенбі күнінде, Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті. Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, «Өзгерісті өзіңнен баста» деп аталған жарысқа он командадан тұратын 120 адам қатысты. Спартакиаданы аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, мұның ауданның 90 жылдығына арналып өткізіліп отырған ең …
Көбінде біз естіп жүрген танымал әндердің орындаушысына ғана назар аударамыз. Ал, сол шығарманы жаныңа жақындатып, көңіліңнің бір түкпірінен орын алатындай етіп жөндеп, тыңдарман жүрегіне жол ашатын өңдеушінің (аранжировщик) бар екенін ескере бермейміз. Міне, Қуаныш Құрманбаев дәл осындай өзі көзге көп түспесе де, Алланың берген дарыны мен ерекше еңбекқорлығының арқасында тынысын ашқан тың дүниелері, яғни, әсем …
Халық наразылығы мен өтініші кез келген басшыны алаңдататыны сөзсіз. Олай деуімізге негіз болып отырған аудан әкімінің Қаскелең қаласы тұрғындарымен болған есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген қала ішіндегі қоғамдық көлікке қатысты біраз мәселелерді айтуға болады. Аталған сауалдарды ескерген шаһар басшысы Асқар Мұқашев аптаның екінші күнінде «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-не қарасты қоғамдық көліктердің жүру кестесін бақылап, олардың …
«Өсер елдің өрісі кең келеді» деген. Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы едәуір артып, халықтың тұрмысы да түзеліп келеді. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылдары жолдаған Жолдауларының нәтижесі, жүктелген міндеттің ерен еңбекпен атқарылуы еді. Айталық, соңғы жылдардағы өлшеусіз еңбектің арқасында өңірімізде елеулі өзгерістер орын алды. Мысалы, ауданымызда жылда сапалы өнімдер шығарып, бәсекеге қабілетті бола …