Бүгінде дүкен сөрелерінен «ECO JUICE» маркалы сусынды жиі кездестіретін болғанбыз. Аталмыш өнімнің басқаларға ұқсамау себебі ешқандай қант, бояғыштар мен қоспаларсыз, тікелей сығу арқылы шығарылған шырынды ашылған соң бір айға дейін сақтауға болады және осы уақыт аралығында сусынның дәмі бастапқыдан еш өзгермей, сол балғын қалпында қалады. Бұл отандық өнім ауданымызға қарасты Шамалған ауылында орналасқан «Керуен» холдингіне …
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Мемлекет басшысының жылдағы Жолдауларындағы басты тапсырмаларының бірі – тұрғындарды ерінбей еңбек етіп, бәсекеге қабілетті кәсіп жасауға үндеу болып табылады. Осы сенім үдесінен шығып, мемлекет межесін бағындыруға жұмыс істеп жатқан Ықыласовтар отбасының«Golden maken» жеке кәсіпкерлігі де ауданымызда өзіндік бренд қалыптастырып отыр. Аталмыш …
Цены на газ по нашему району снижены. Так газовики поддержали поручение Елбасы по пересмотру тарифов на коммунальные услуги. Снижены тарифы и в ТОО «Сигма», расположенном в селе Шамалган одноименного сельского округа. Об этом, а также о работе данного коллектива наше интервью с техническим директором предприятия А.Н. Чешко. – Александр Николаевич, расскажите о возглавляемом Вами предприятии, …
Округ әкімі Ержас Тоқтасыновпен сұхбат – Ержас Серғазыұлы, Шамалған ауылын республикамыздың барлық аймағындағылар да біледі десек, артық айтқандық емес. Өйткені, бұл елді мекен бүкіл ел-жұртқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері ретінде мәлім. Сол үшін де үнемі көпшілікке ерекше көрінеді. – Дұрыс айтасыз. Тәу етер тәуелсіздігіміздің басында тұрып, егемен елімізді дамудың даңғыл …
В Алматинской области наш район считается одним из густонаселенных. Особое внимание уделяется здесь вопросам развития здравоохранения. О работе скорой медицинской помощи, о переходе на электронные паспорта здоровья и о многом другом мы попросили рассказать главного врача района Е.Ж. Сарсенбаева. – Ербол Жаксылыкович, расскажите, пожалуйста, как налажена работа «скорой помощи»? Какие наблюдаются изменения? Какие пояснения можно …
Елдің әлеуметтік экономикасының тұрақты дамуы, әрине, алдымен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен сипатталатыны, айтпасақ та белгілі. Ал, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғыда үнемі жүйелі жобаларын атап көрсететін жыл сайынғы Жолдауларын да халыққа арнап келеді. Өткен жылдың 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында да байыпты бастамаларын Үкіметке тапсырған еді. Соның …
Осыдан бір апта бұрын, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVIIІ конференциясы болып, күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев жетекшілік етіп, жүргізіп отырды. Оның жұмысына қатысқандардың қатарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, партияның Алматы облыстық Саяси Кеңесінің …
Өмірінің 60 жылын ұстаздық жолға арнаған, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Сейітхан Исаев дүйсенбі күні өмірден озған еді. Cәрсенбі күні абыз ақсақалдың жаназасы Қаскелең қаласында өз үйінен шығарылып, денесі қара жерге тапсырылды. Сейітхан Ахметұлымен қоштасу рәсіміне жиналғандардың барлығы қадірлі қариямызды тебірене еске алып, ақтық сапарға шығарып салды. Ардагермен қоштасу рәсімін аудан әкімі Жандарбек Далабаев …
В рамках рабочей поездки в наш район аким области Амандык Баталов изучил ход работ по капитальному ремонту и расширению проезжей части дороги Алматы – Бишкек на участке «Райымбек – Алматы», а также посетил два строящихся физкультурно-оздоровительных комплекса, расположенных в Шамалганском и Райымбекском сельских округах. В поездке акима области сопровождали его заместители, аким района Жандарбек Далабаев, …
Қазіргі таңда біздің салт-санамызға жат нәрселер етек алып келеді. Солардың бірі қарттар үйінің көбеюі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп үлкендерді сыйлап, құрметтеген халықпыз. Қазіргі кезде немерелеріне ертегі айтар әжелер мен балаларына өсиет айтар аталарымыз жоқтың қасы.Оның бірден-бір себебі, осындай қарттар үйінің көптеп етек жаюында. Ғаламтор ақпараттарына сүйенсек, еліміздегі қарттар үйінің саны 87-ге жуықтапты. Отыз …