Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айдын Әуесбай Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы мен мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын түсіндіру мақсатында аудандағы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Бұған дейін біздің ауданымызда әкімінің орынбасары қызметін атқарған Айдын Әуесбайұлы жаңа лауазымдағы жұмыс сапарын Қарасай жерінен бастады. Ол мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауда туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және аталған бағытты дамыту тақырыбындағы баяндамасын оқыған соң, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, жиналыс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жүргізілді. Атап айтар болсақ, әлеуметтік желілерде таралған Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Тульбаевтың жұмыс уақытынан тыс кезде орын алған іс әрекеті талқыланды. Жиын соңында барлық жиналысқа қатысушыларға бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне екені ескертілді.
Басқосуды төраға ретінде аудан әкімі аппаратының басшысы Ілияс Қалиев жүргізіп отырды.
Бұрым ОРЫНБАСАР.