Жаңа оқу жылына дайындық қызған тұста елімізде «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы қарқынды жүретіні белгілі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылар мен жетім балалардың тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылының дайындығына әлеуметтік көмек көрсету.
Осы ретте бүгін «AMANAT» партиясы да бұл игі шараға қатысып, аудандық филиал ғимаратында қайырымдылық акциясын өткізді. Республикалық акция аясында Алматы облыстық мәслихат депутаты Рүстем Тұрсынбайұлы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетті. Халық қалаулысы мектепке ең қажетті құрал-жабдықтары толтырылған мектеп сөмкелерін табыстап, балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Осы аталған акцияға қолдау білдіру әрбір азаматтың рухани жан-дүниесінің байлығын, жас ұрпаққа деген шынайы сезімі мен ниетінің тазалығын көрсетеді.
Партия мүшелері «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлауды жалғастыруда.