ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлік, адамгершілік құндылықтар, отаншылдық, жаһандану, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері, ой толғаныстары мен танымдық тұжырымдары.
• Мен сіздерге Отанды сүюді және оған қамқорлық жасауды тілеймін.
• Шынайы патриотизм дауыс көтере сөйлеген сөздерден емес, нақты істер мен жауапты қимыл-әрекеттерден көрінуі керек.
• Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!
• Халықтар достығы біздің ең басты бірегей байлығымыз ғана емес, сонымен қатар, сеніміміз де, үмітіміз де.
• Ұлт дегеніміз жанды организм, оның даму барысы әлеуметтік-биологиялық және мәдени мүмкіндіктермен шектеліп отырады.
• Қазақстанның мәдени кеңістігі – алуан-алуан этномәдениеттердің өзара байланысы мен өзара толығып отыруының кеңістігі.
• Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
• Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
• Дауы таусылмайтын елдің жауы да таусылмайды.
• Ел болу үшін – ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.
• Мен білгенде, мына дүниенің дидарында «Жаным – арымның садағасы» деген сөзден артық ұлы сөз жоқ. Соны айтқан – қазақ.
• Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.
• Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады.
• Біз кешегісі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз.
• Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ.
• Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес.
• Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес!
• Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс.
• Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.
• Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі.
• Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.
• Сөз бұзылса, ой да бұзылады.
• Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы.
• Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын – оның ісі.
• Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.
• Тәуелсіздік Туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
• Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек.
• Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы.
• Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Рас, уақыт қиын. Бірақ, уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді.
• Мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттін болашағы бұлыңғыр болады.
• Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қылдыру қажет.
• Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.
• Халықтың еркі – бәрінен жоғары.
• Ел жақындығы болмаса, жер жақындығының жақсылығынан гөрі жамандығы басым түспек.
* Қанатты сөздер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Еркін елдің ертеңі» атты жастарға арналған қойын кітаптан алынды.
Дайындаған Дидар МӘЛІКҰЛЫ.