2026 жылдың 14 сәуірі күні Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Конститутция – елдігіміздің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында заңгерлер, құқықтанушылар мен сарапшылар Қазақстан Республикасының Конституциясын қолдану тәжірибесі, құқықтық нормаларды жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты.
Кездесу аясында қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Конституцияның маңызын кеңінен насихаттау және заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығының, тәуелсіздігіміздің берік тұғыры.

