Іргелі ауылдық округінің әкімі Қамалбек Арман Даниярұлы «Асыл-Арман» тұрғын үй кешеніне барып, жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.
Жұмыс барысында тұрғын үйлердің жылыту жүйелерінің, инженерлік желілердің және қазандықтардың қысқы кезеңге дайындығы қаралды. Анықталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігі айтылды. Тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

