Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердің 90% -дан астамын egov.kz порталында онлайн түрде ала алады. Оған қоса eGov mobile және ХҚО мобильді қосымшалары, телеграмда @kenes1414bot секілді пайдалы баламалары тағы бар.
Ал егер сізге керек қызмет тек ХҚО-да қағаз жүзінде көрсетілетін қалған 10%-дың ішінде болса ше?
Төмендегі қарапайым кеңестерге құлақ ассаңыз, уақытыңызды үнемдейсіз:
1. Алар қызметіңіздің онлайн рәсімделмейтініне тағы бір рет көз жеткізіңіз, себебі онлайн-қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады;
2. Онлайн баламасы жоқ па? Онда ХҚО-ға бару үшін кезекті брондауға кеңес береміз. Әрине, бұл міндетті емес, алайда бұл уақытыңызды үнемдейді. Тек белгіленген уақыттан 10-15 минут бұрын келсеңіз болды;
3. Жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз. Құжатыңыздың мерзімі аяқталып қалған жоқ па? Оны да қарап қойыңыз;
4. Қызметті алу үшін қосымша қандай құжаттар пакеті керектігін 1414 байланыс орталығына хабарласып, нақтылап алыңыз.