Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық дамуы» атты Қазақстан халқына Жолдауымен «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қаныбек Айтжанов таныстырып, Жолдаудың орындалуына белсене атсалысуымыз керектігі жайлы айтты.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Қарасай аудандық 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі жол картасы бойынша нысандарға жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары бойынша бір қатар сұрақтар талқыланды.
Отырыс соңында Қаныбек Айтжанов Жолдаудың ел болашағы жолында маңыздылығына тоқталып, Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру жолында «AMANAT» партиясының атқарар істері орасан зор екеніндігін айтты.