Ауыл – береке-бірліктің түп қазығы, талай алпауыттың кіндік қаны тамған жері. Сондай құт мекеннің көшін бастаған адам да елге адал қызмет етер азамат болуы міндетті. Осы орайда ауыл тізгінін ұстар әкімді жергілікті халықтың өзі таңдауы – оң шешім. Бұл әркім өзінің орынды ойын ашық айтып, дара жолмен дамитын шынайы демократиялы ел болуға деген нық қадам дер едім.
Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осы ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдаймын. Сондай-ақ бұл істің әрі қарай да адал да әділ жүргізілуін сұраймын. Қашанда Қарасай ауданы дамып, өркендей берсін!
Ел тұтқасын ұстар есіл ерлердің топ бастап, мемлекетіміздің дамыған елге айналуы үшін барша Отандасымды осы бастаманы қолдауға шақырамын!
Ораз ЕЛМҰРАТ,
С.Демирел атындағы университеттің студенті, Алматы шығармашылық жастар одағының мүшесі.