Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу арқылы республикалық референдумның маңыздылығына тағы тоқталды. Елдегі саяси жүйені өзгерту халықтың басты тілегі екенін айтып, Ата Заңымызға өзгеріс енгізу керектігін нақтылады.
Президенттің бұл бастамасын халық болып қолдауымыз қажет деп есептеймін. Конституциялық реформаның жүзеге асуы өте құптарлық шешім. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы істі толық атқару үшін арнайы жұмыс тобы құрылатынын мәлімдеді. Оның құрамында құқықтанушы ғалымдар, тәжірибелі сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері болатынын айтты. Халықтың бостандығы мен құқығы қорғалатын Ата Заңның жаңаруы жолында еңбек ететін осы мамандарға біз кәміл сенеміз.
Президент мәлім еткендей, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл үрдіс халықтың дүниетанымын, жеке көзқарасын толық білдіруге мүмкіндік береді.
Референдумның халық тағдырында алатын орны ерекше екені рас. Ата Заңдағы өзгеріс әділетті мемлекетті қалыптастырады деген ойдамын. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген 5 маусымда өтетін референдумды халық болып қолдап, мемлекеттің болашағын жарқын болуына атсалысайық.
Ислам Дүйсенов,
Чернобыль ардагерлер және мүгедектер қоғамы
Қарасай аудандық филиалының төрағасы