Осы аптада Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сыныптың оқушыларына арналған «Электронды темекінің адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Жастар денсаулық орталығының менеджері Дана Таждинова және нарколог-дәрiгер Айша Ақшалова арнайы қатысып, тақырып аясында маман ретінде ойларын айтып, пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында оқушыларға ішімдік ішу, шылым шегу, нашақор атану сияқты зиянды әдеттермен күресу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қауіпі туралы түсінік берілді.
Жастар денсаулық орталығының менеджері Дана Бектұрғанқызы жастармен ашық диалог ретінде жұмыс жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Зиянды әрекеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтану ережелері айтылды. Жиын соңында тақырыпқа қатысты арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Қарасай ауданының
Жастар ресурстық орталығы.