Еламан халқының жанайқайы «Еститін үкіметтің» құлағына жетсе игі еді. Бұлай деуімізге Еламан ауылының көзбен көрген, құлақпен естіген жай мен жанайқайы себеп. Өйткені не жолсыз, не сусыз, не газсыз отырған еламандықтар ертеңіне алаңдаулы. Сондықтан өркениет атаулыдан ада болдық деген ауыл тұрғындарының айтары көп, ал атқамінерлерге деген сенімі жоқ… Көңілдері қалған.
Алматы облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Айдар Бағашарұлының осыған дейін: «Талғар ауданы бойынша 48 елді мекен бар. Оның 31 ауылы газбен қамтылған. Осы күні Еламан, Қайнар және Көктал ауылдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін ол ауылдарға да газ қосылады. Тағы 9 ауылдың жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Қалған 5 ауылға қаражат сұрастырылып жатыр. Қаржы бөлінсе жобалық-сметалық құжат дайындалып, келер жылдың жоспарына қосылып қалар деген үміттеміз. Сондықтан алдағы бір-екі жыл көлемінде Талғар ауданы толық газбен қамтылуы тиіс», – деп пікір білдірген еді. Бірақ содан бері жарты жылдай уақыт өткенімен, Еламан ауылының 6 көшесіне тартылған газ құбыры түрлі желеумен әлі күнге дейін іске қосылмай тұр.
Осыған дейін ешкімге алақан жайып, мұңымызды шағып көрмеп едік, қолдарыңыздан келгенше көмектессеңіздер деген ауыл тұрғындарының бұл жолғы жанайқайына да бей-жай қарай алмадық. Өйткені қақ-соқпен шаруасы жоқ, бар ойлағаны елдің амандығы мен дендерінің саулығы болған еламандықтардың осыған дейін тартқан азабы аздай, дайын тұрған газ құбырына қосыла алмай пұшайман болып отырғаны көп жайды аңғартса керек.
«Аяқ астынан тағы бір қиындыққа тап болдық. Былтыр ауылға газ тартқан. Ол жоба дұрыс болмай, ауылдың жартысына ғана тартылған газ құбырын тоқтатқызып қойғанбыз. Жаңадан жасалған жоба дайын болғанда облыстық газ басқармасы мен тұрғын-үй шаруашылығы басқармасы бұл өте қымбат жоба деп қол қоймай отыр. Бұрынғы жобада жол және тұрғын-үйлердің қақпасына қажетті арка жоқ еді. Бұлар осыны да қосып жасапты. Ауыл болған соң тірлігіміз малға қажетті жем-шөпті, үй салып жатқандар құрылыс материалдарын үлкен машиналармен тасиды. Арка болмаса олар жолдан қалай өтеді? Ол да керек қой. Былтырғы жоба бойынша Жалғамыстан бері магистралды құбыр тартылуы керек еді. Бірақ онда ауылға жеткілікті газ қысымы болмайды екен. Оның үстіне ол жобада мектеп те жоқ еді. Тиісті орындарға осындай кемшіліктерді көрсетіп хаттама толтырып, хат та жолдағанбыз. Содан жаңа жоба жасалып, енді Сегізкөлден бері қайта құбыр тартылып келеді. Өкінішке орай, көгілдір отынға қол жеткіземіз деген үмітіміз де үзілді. Білмеймін, бұл Еламанға не болды? Неге бәрі қиындап кетті? Жолсыз, сусыз отырғанымыз аздай, бітіп тұрған шаруаның бәрі кері кетіп жатқаны жанымызға батады. 6 көшенің құбыры тартылып дайын тұр. Қалған көшелерде бағаналардың астына қажетті бетоны құйылып қойған. Енді келіп «Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықтының» кебін киіп отырмыз. Газ құбырына қосылу бағасына қатысты тұрғындар тарапынан еш қарсылық жоқ, бірақ облыстағылар бұл қымбат жоба деп бекітпей қойыпты. Бәрі дайын болғанда бұл не қиындық екенін түсінбедік. Осыдан екі айдай бұрын аудан әкімі де елдің жайын көзімен көріп қайтқанда, бәрін қатырамыз деп кеткенімен, өзгерген ештеңе жоқ», – деген ауыл тұрғыны Қоныс Алшынбеков былтырғы жылдың мамыр айының 5-інен бастап күзде аяқталуы керек жобаның жыры әлі күнге бітпей келе жатқанына қапалы. Бұл ретте облыстағы және аудандағы осы салаға жауапты басшылардың бір білгені бар шығар деген ой болды.
Айтқанымыздай-ақ аталған мәселеге қатысты шешім қабылданған ресми тілдегі хаттама түсті. Онда: «По проекту с. Еламан мы не согласны со сметной стоимостью 840 млн тенге, то есть резко увеличилась сметная стоимость, тем более там 400 жилых домостроений с выбранной точкой подключения. Поэтому я считаю, что для рабочего проекта с. Еламан эта сумма завышена. Точку подключения надо пересмотреть. Объемы работ завышены. Схема прокладки газопровода высокого давления некорректна, то есть увеличена протяженность на 5 и более километров, согласно ситуационной схеме. Предлагаем пересмотреть точку подключения газопровода среднего давления ПЭ SDR11 Ø160×14,6 от ПК 52 с заменой трубы ПЭ SDR11 Ø110х10,0 на ПЭ SDR11 Ø160×14,6.
Руководитель отдела мониторинга и координации проектов ГКП на ПХВ «Алматы Облгаз Engineering» А. Оспанов пояснил, что сметная стоимость проекта по с. Еламан не соответствует действительности, я полностью не согласен с Вашим проектом, так как нерентабельно для Заказчика вкладывать такую большую сумму денег для такого маленького населенного пункта, где всего 400 домов, тем более финансирование идет за счёт государственного бюджета. Объясните нам: почему у Вас так получилось?
ГИП ТОО «Алстройпроект» Ж. Чуакбаев пояснил, что на момент проектирования технические условия были выданы АО «КазТрансГазАймак» с указанием точки подключения. В связи с невозможностью проложения подводящего газопровода высокого давления через с. Жалгамыс было принято решение запроектировать обходным путем до точки подключения.
Главный инженер ПТУ ГКП на ПХВ «Алматы Облгаз Engineering» К. Шаянбаев пояснил, что в проекте можно было сократить протяженность подводящего газопровода высокого давления путём проложения через с. Жалгамые между домами и автомобильной дорогой. Расстояние там составляет 7 метров, что позволяет проложить газопровод по данному участку.
Заслушав информацию, руководитель отдела мониторинга и координации проектов ГКП на ПХВ «Алматы Облгаз Engineering» А. Оспанов предложил приостановить проектные работы по с. Еламан и пересмотреть точку подключения до принятия решений руководством ГУ «УЭ и ЖКХ Алматинской области» и ГКП на ПХВ «Алматы Облгаз Engineering».
Решение:
Приостановить проектные работы и пересмотреть точку подключения до принятия решений руководством ГУ «УЭ и ЖКХ Алматинской области».
Следующее техническое совещание по данным вопросам провести по необходимости решения вопросов и согласовывать с сотрудниками ГКП на ПХВ «Алматы Облгаз Engineering»», – делінген (аудармада мағыналық жағынан өзгеріске ұшырамасын деген мақсатпен хаттаманың мәтінін қаз-қалпында беріп отырмыз).
Әрине, бұл ретте осы салаға жауапты басшылардың айтар өз уәжі бар деп білеміз. Мәселеге қатысты пікірін білмек болып хабарласқанымызда округ әкімінің орынбасары Нұрбол Ерікұлы: «Қайнар ауылдық округі тарапынан елді-мекендерге көгілдір отын желісін тарту және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ауданға өтінім береміз. Аудан облыстық тұрғын-үйй басқармасына жібереді. Облыс бойынша газ тарту бөлімі деген бар, солар жобалық-сметалық құжатын жасайды. Ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыстық монтаж жасау бойынша ашық конкурс негізінде тендерге береді. Барлық жұмыс осы жоспар аясында жүзеге асады. Бізде 2022 жылдың аяғында 3 ауылға газ құбырын тарту жұмысы басталған. Олар – Еламан, Қайнар, Көктал.Қазір үшеуінің де жұмысы бітпей тұр. Еламанның негізгі себебі олардың жобасына 100-ден астам үй кірмей қалған. Ал Қайнар мен Көктал ауылдарының жұмысы бітпей тұрған себебі – республикалық маңызы бар жолдардан құбырды өткізуге «Қазавтожолдан» келісім алмаған. Мұның бәріне тапсырыс берген облыстық басқарма болғандықтан, тікелей жауапкершілік те соларға жүктеледі. Ал біздің қолымыздан келетіні – халыққа қажетті мәселелерді көр сетіп сұраныс жасап, тиісті орындарға хат жолдау. Басталған іс аяғына дейін жетсе тұрғындар шуламайтын еді, басшылар жиі ауысады онымен қоса командасы ауысады. Сөйтіп жұмыс аяқсыз. Ал кінәлі округ боламыз», – деп жауап берді.
«Былтырдан бері жұмысын тиянақты жүргізіп келе жатқан «Алматы продакшн» компаниясының бұл жерде еш кінәсі жоқ. Бәрін облыс тоқтатып қойып отыр» деген тұрғынның сөзіне сүйенсек, ел жанайқайы «Еститін үкіметтің» құлағына жетсе игі деген ниетпен еламандық ағайынның жанайқайын тағы да жазып отырған жайымыз бар.
Жанбота СҰЛТАНМҰРАТҚЫЗЫ.
Талғар ауданы.