Жақында Тұздыбастау ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары О.Қаспақбаевтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесу болды. Жиында аталған округтің әкімі Шыңғыс Толымбеков есеп беріп, атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларға тоқталып өтті. Атап айтқанда, округ басшысы ауылшаруашылық, жарықтандыру, газдандыру, жол, су мәселелерінде бюджеттің қалай игеріліп жатқанын тілге тиек етті.
Округ әкімінің ресми мәліметіне сүйене отырып, атқарылған шаруалардың ретіне тоқталып кетуге болады.
Тұздыбастау округі бойынша «Агададиев», «Асанпаша» ірі шаруа қожалықтары жемшөп дақылдарын, яғни жоңышқа, жүгері, арпа, көпжылдық өсімдіктер өсірумен айналысады. Сондай-ақ «Асыл Мирас» ШҚ қымыз өнімдерін, ал «Курбанбаев Аман Убайдуллаевич» ШҚ сүт өнімдерін өндіреді. Округте 1514 бас ірі қара, 596 бас жылқы, 820 бас қой мен ешкі, 600 бас құс толығымен электрондық базаға тіркелген.
Тұздыбастау аылдық округтің әкімі Шыңғыс Толымбековтің айтуынша, ауылдық округте 294 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 197,1 шақырым. 2023 жылы Тұздыбастау ауылы Амангелді көшесіне орташа жөндеу жұмыстары бойынша 2 шақырым жолға 72 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Орынбаев, Альтаир және Балуан Шолақ көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 2 шақырым жолға 58 млн.т. бөлініп, жұмыстар толығымен бітті.
2023 жылға арналған жоспар бойынша барлығы 324,3 млн.теңге бөлінді. 3 тоқсанда игерілген қаражат соммасы 182,2 млн. теңге немесе 41,3 пайызды құрайды.
• Әкім аппаратын ұстап тұруға – 51,2 млн. теңге;
• Көшелерді жарықтандыруға – 36,5 млн. теңге;
• Санитарияны қамтамасыз етуге – 7,2 млн.теңге;
• Абаттандыру мен көгалдандыруға – 13,9 млн. теңге;
• Бюджеттік алып-қоюлар – 71,7 млн.теңге игерілді.
– «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен Тұздыбастау ауылындағы Майлина, Тәуелсіздік көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына 149 млн. қаражат қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен ұзындығы 1065 метр Абылай хан, Қазбек би, Елібаев көшелерін маршруттық тәсілмен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 1,6 шақырым Өтемісұлы, әл-Фараби, Ер Тарғын көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 55,8 млн теңге бөлінген. Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жасалып, бөлінген 27 млн теңгеге асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы биыл 13 көше жөндеуден өтіп, 2022 жылмен салыстырғанда жөндеу жұмыстары 2 есеге артқан. Ал Алматы қаласы – Тұздыбастау ауылы арасында №54 маршруттағы 15 қоғамдық көлік күнделікті 10-12 минут аралықта кестеге сәйкес жүреді. Тасмалдаушы мердігер – «АвтоАлмаТранс» ЖШС мекемесі. Одан бөлек жуырда ғана Алматы қаласының 2-ші теміржол вокзалы – Тұздыбастау арасында қатынайтын №232 автобус маршруты салтанатты түрде ашылды. Бұл бағытта 19 автобус жолаушыларға қызмет көрсететін болады, – дейді округ басшысы.
Сондай-ақ ол Тұздыбастау ауылдық округін сумен жабдықтау «Талғар Су» ШЖҚ МКК-сі, оның ішінде «Айсұлу» ықшам ауданы «Нұра Топтық Су Құбыры» ШЖҚ РМК-сі айналысатынын мәлімдеді. Судың бекітілген тарифі 1 м3 құрайды, жеке тұлғаларға – 129,75 теңге, заңды тұлғаларға – 147,71теңге. Биыл Тұздыбастау ауылының 127 шақырым су жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстарына жоба әзірлеуге 73,5 млн.тг. қаражат бөлініп, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Көшелерді жарықтандыру бойынша Түркістан, Бейбарыс, Абылайхан көшелерін электр жарығымен қамтамасыз етіп отырған ТП-1190 және 2886 метр сип кабель, 116 жарық бағаналары ауыстырылды.
1 млн. 960 мың теңгеге мердігер компания «Есик Технология Сервис» ЖШС-нің Тұздыбастау ауылдық округінің көше (сыртқы) жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізді. «QAZYNA» ЖК 2 млн. 658 мың теңгеге көше жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарын жылдың соңына дейін жүргізеді. 897 мың теңгеге мердігер «LUCK» ЖК ауылдағы шамдарды ауыстыру және көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстарын қолға алады. 15 млн. 704 мың теңгеге «Миди 01» ЖШС әль-Фараби, Наурыз, Самал, Қабанбай батыр, Мажит Түркістан, Марғұлан Кенесары хан, «Алатау» тас жолының жалғасы, Қазыбек би көшелерінің жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар Ұлан, Сейдахмет (Ұлан көшесінің киылысы), Бокина, Жакып ( Жылқыбай мен Абай көшесінің аралығы),Бәйдібек баба, Жамбыл, Шәкәрім, көшелеріне электр бағаналары орнатылуда. Жалпы биылғы жылы 10 көше жарықтандырылды.
Округ бойынша газдандыру жұмыстарын «Тәуекел Н Алғабас», «Тараз Агро Пром Сервис» ЖШС жүзеге асырады. Тұздыбастау ауылдық округінде 5 500 аула бар, оның ішінде 4500 үй көгілдір отынға қосылған, ол 80 пайызды құрайды.
2023 жылы елді мекендерді абаттандыруға 30 млн. 290 мың теңге бөлініп,Тұздыбастау ауылдық округі бойынша ағаштарды кесу, республикалық, облыстық және ішкі жолдардың бойында арам шөптерді шабу,балалар ойын, воркаут алаңдарын, ескерткіштерді күтіп ұстау,сонымен қатар «АҚНИЕТ ҮМІТІ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің полиграфиялық өнімдерді, баннерлерді дайындау жұмыстарына жұмсалуда.
3 млн. 696 мың теңгеге «NS-Stroi» ЖШС арық науаларын ағымды жөндеу жұмысын толығымен аяқтаса, 4 млн 566 мың теңгеге «ErSu2015» ЖШС жол аркасы құрылғысын орнату бойынша жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ 11 млн 779 мың теңгеге автобус аялдамасы құрылғысын орнату жұмыстары жұмсалуда.
Округ әкімі, сондай-ақ ауылдың санитарлық жағдайына тоқталып, көшелер мен жаяу жүргінші бөлігін, аялдамалар бойындағы қоқыс жәшіктерін тазалау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға 2 млн. 500 мың теңге бөлінгенін айтты. Айтуынша, стихиялық полигондарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарына да қаржы бөлініп, жұмыстар жалғасын табуда.
Округте қаңғыған иттерді аулау жұмыстары тұрақты жүргізіліп, 2023 жылдың ІІI-тоқсанында округ бойынша 174 ит ауланған.
Салықтың жылдық жоспары – 215,830
Салық түсімдері бойынша III тоқсанда бюджетке 293 млн.теңге салық түсті, оның ішінде:
-Жеке табыс салығынан 144,8 млн.теңге;
– Мүлік салығынан 14,3 млн.теңге;
-Жер салығынан 2,13 млн.теңге;
– Көлік құралдарына салынатын салықтан 142,5 млн.теңге.
«Ауылдық округте 162 ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген.
Округ бойынша аулалардың саны – 5142, оның ішінде мал ұстайтыны 86 аула немесе 1,7 %.
Ауыл шаруашылығы жерлері – 1747 га, оның ішінде егістік алқабы – 276 га, жайылымдық алқап – 1471 га, тыңайтылған жерлер – 18 га.
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдау барысында округте өткізілген ауқымды іс-шаралар жетерлік. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ретінде 108 отбасына, 53,6 млн. теңге, мүгедек балаларды үйде оқытуға 12 балаға 562 615 тыс.теңге жәрдемақы берілген. Сондай -ақ әртүрлі әлеуметтік көмекке мұқтаж 28 адамға 3,4 млн теңге төленді (туберкулез ауруына шалдыққандарға, Ауған соғысына қатысқандарға бір жолғы төлем). Мүмкіндігі шектеулі, өз бетінше жүре алмайтын І топтағы 22 мүгедекке 22 жеке көмекші қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 8 адам қол арбамен, 60 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 32 гигиеналық құралдармен қамтылды. 76 мүгедекке шипажайға жолдамаға ие болған. «Семей» ядролық сынақ полигонында зардап шеккен 6 адамға біржолғы өтемақы төленіп, 4 адамға куәлік берілді. 2023 жылы Талғар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында Тұздыбастау ауылдық округі бойынша 137 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.
Тұздыбастау ауылдық округі бойынша 2 мемлекеттік мектеп және «Elite school» жеке меншік бастауыш мектебі жұмыс жасайды. №13 орта мектепте 2384 оқушы қазақ тілінде, №31 орта мектепте 2361 оқушы қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде үш ауысымда білім алуда. Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Тұздыбастау ауылынан 1500 оқушыға арналған мектеп салу үшін 3,5 га жер теліміне мектеп ғимаратын салу жұмыстары басталды.
30 жекеменшік балабақшада 2-6 жас аралығындағы 2320 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Үстіміздегі жылдың наурыз айында 315 орынға арналған 5 жекеменшік балабақша, 60 балаға арналған қосымша 1 топ ашылды.
– Округте халыққа 1 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. «Мемлекеттік жеке меншік әріптестік» бағдарламасы бойынша 2020 жылы ауылдық округтің амбулаториясы «А-Class Medical» компаниясына басқаруға берілді. 2022 жылы амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу және қосымша 160 шаршы метр болатын модульдік ғимараттың құрылысы толығымен аяқталды. Оның ішінде 10 дәрігер, 43 орта медициналық қызметкер, 5 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Құжат айналымы толығымен компьютерлендірілген. Амбулаторияға қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. 4 санитарлық автомобиль қызмет көрсетеді. Күндізгі стационарда 36-40 науқас ем алуда. Биыл аталған компания Чүкібасов көшесіндегі жер учаскесінде дәрігерлік амбулатория құрылысын бастайды, – деп сөзін қортындылады округ әкімі.
Жиын соңында тұрғындар билік өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық өркендеуін көздерімен көріп жүрген халық атқарылып жатқан игі істерге көңілдері толатынын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Сәуле ҚҰРМАНТАЕВА.
Талғар ауданы.