Қарасай ауданының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген Рысбек Мақсұтов бүгінгі тарихи сәтке куә болып, жас сайлаушылардың қатарынан табылды. Ол Шамалған ауылындағы №462 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty/kz желілік басылымы.
Жас сайлаушы дауыс берудің жауапкершілігін жоғары деп санайды. Сол себепті халықпен бірге белсенділігін танытып, азаматтық міндетін орындады.
– Қазақстан жастардың қолында деп сенемін. Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Елдің болашағы үшін Президенттің рөлі зор. Сол себепті халық қалаулыларын таңдау үшін әрбіріміз жауапкершілік танытуымыз қажет, – деп спортшы ойын білдірді.
Рысбек Қайратұлы – Шамалған ауылының тумасы. Қаскелең қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алады. Каратэ киокушинкайды еркін меңгерген. Осы спорт түрі бойынша оның жетістігі жетерлік. 2019 жылы Азия Кубогінің қола жүлдегері атанса, 2021жылы Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар, жас спортшы 2022 жылы өткен аталмыш спорт түрінен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері ретінде елдің абыройын асқақтатты. Рысбек Мақсұтов бүгінде Қарасай аудандық «Jastar ruhy» жастар қанатының қатарынан табылып, оның мүшесі ретінде жастар саясатына қатысты істерге белсене араласады.