“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы тазалыққа ғана емес, бірлесе жұмыс атқаруға үндеп келеді. Мемлекет басшысы бастамашыл болған ауқымды жобаға Қарасай жерінің халқы да бір кісідей атсалысуда. Оған айқын дәлелел ретінде әр бейсенбі мен сенбі күндері атқарылып жатқан сенбілік жұмыстарын айтуға болады. Әсіресе, Үшқоңыр тауының етегі күл-қоқыстан тазарып, бірнеше нысандардың айналасы ретке келтірілді.

