Аудандық мәслихаттың 25 жылдығына орай ауданымызда игі іс-шаралардың қатары көбеюде. Айтулы дата қарсаңында аудандық мәслихаттың депутаттары аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созып, жәрдем беруде. Оған дәйек ретінде жуырда аудандық мәслихаттың депутаты, «Қарасай су құбыры» кәсіпорнының басшысы Жеңіс Бектасовтың ауданымыздағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке барып, он балаға қыстық жылы киім сыйлағанын атап айтуға болады.
Жеке қаражатынан көмек берген халық қалаулысы оқушыларды қолдап, қол ұшын созуға даяр екенін атап айтып, жас ұрпаққа үлкен сенім білдіретінін жеткізді.
Өз кезегінде мектеп басшылығы да, жиналғандар да қайырымда депутатқа алғысын айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Артур ҚАСЫМОВ.