Аудан аумағында карантин кезеңіндегі ережелерін сақтай отырып, объектілердің қызметін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу мақсатында аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы №133-ө н/қ өкіміне сәйкес мобильді топ құрылды. Аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев жетекшілік ететін топ құрамына аудандық кәсіпкерлік бөлімінің, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және полиция басқармасының мамандары, жауапты бөлімдердің өкілдері кіреді. Бұл топ дезинфекциялық іс-шаралардың сақталуы бойынша тұрғындар арасында және барлық меншік түріндегі нысандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кеше мобильді топтың кезекті тексерісі Қарасай ауданының аумағында орналасқан туристік нысандарда жалғасты. Атап айтқанда, «Nomad» этно-орталығы , «Алатау маралы» шипажайы, «Nurly Tau», «Home Club», «Aul resort», «Восточная сказка» сынды Іле Алатауының баурайында орналасқан демалыс орындарындағы карантин режимі кезіндегі санитарлық талаптардың сақталу деңгейі тексерілді.
Айта кету керек, мұндай мобильді топтар барлық округтерде құрылып, тұрақты түрде рейдтер жүргізілуде.
Бұрым ОРЫНБАСАР.