Бүгін Қарасай ауданындағы «Апорт» сауда-ойын-сауық орталығында Алматы облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру және азаматтарға тегін әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету болды. Акция барысында тұрғындар өздерін мазалаған түрлі құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес …
Жақында Қаскелең қаласында экологияны жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі өтті. Isker Company басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясы қала тұрғындары мен кәсіпорын ұжымын бір мақсатқа біріктірді. Аталған шараға компания қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар зауыт маңында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары да белсенді қатысты. Бас директор Әбен Әлібек Болатұлының жетекшілігімен өткен акция барысында зауыт аумағында және …
Алматы облысында шаруа қожалығының бір жарым жыл бойы ала алмай келген субсидиясы төленді. Мемлекеттен тиесілі қаржыны қайтара алмаған кәсіпкердің мәселесі араға уақыт салып оң шешімін тапты. Анықталғандай, шаруақожалыққа тиесілі субсидия ұзақ уақыт бойы төленбей, кәсіпкердің заңды құқығы бұзылған. Осыған байланысты қызмет алушы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының департаментіне шағымданған. Шағым негізінде жүргізілген жоспардан тыс …
Биыл Алматы облысынан 1800-ден астам жас әскер қатарына шақырылмақ. Олар көктемгі мерзімді әскери борышын өтеуге тиіс. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, полковник Дулат Әкішев мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, көктемгі әскерге шақыру науқаны 17 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Осы кезеңде Алматы облысынан Отан алдындағы борышын өтеу …
Бүгінгі таңда еліміздің дамуы мен өркендеуі әрбір азаматтың саналы көзқарасына, адалдығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыда жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» жобасының маңызы зор. «Адал азамат» – бұл тек ұран емес, бұл қоғамдағы әрбір адамның өмірлік ұстанымы болуы тиіс құндылық. Адалдық – адамның ішкі мәдениетінің, тәрбиесінің және азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Қоғамда адалдық қағидалары берік …
Қазақстан Республикасында сот қызметкерлерінің қызметтік әдебі мен мінез-құлқы құқықтық мемлекет қағидаттарына сай реттеледі. Бұл талаптар ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі негізінде айқындалады. Сот қызметкерлерінің этикасы – бұл олардың кәсіби қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта сақтауы тиіс моральдық-құқықтық нормалар …
Референдум аяқталғаннан кейін науқан кезінде таратылған үгіт-насихат парақшалары мен жарнамалық материалдарды жинау шарасын қолға алды. Ұйымдастырушылар бұл қадамды саяси жауапкершілікті арттырудың және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың бір бөлігі ретінде қарастырып отыр. Бұл жұмыстар Қарасай ауданында да басталып, бірнеше елді мекенді қамтыды. Аталған шараға …
Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. Сауалнамаға барлығы 30 мың …
Республикалық референдум күні әлемдік бокс турнирлерінің жүлдегері, танымал спортшы Ригина Тибенова азаматтық белсенділік танытып, референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Белгілі спортшы бұл күннің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы мемлекет дамуы үшін маңызды екенін жеткізді. Ригина Тибенова референдумға қатысу — әр азаматтың жауапкершілігі мен ел тағдырына деген бейжай қарамайтын көзқарасының …
В ходе интервью аким Баканасского сельского округа Эльмира Толендиевна подчеркнула высокую активность жителей и то, что процесс голосования проходит организованно. Она отметила: – «Сегодняшний референдум — важное событие в общественно-политической жизни нашей страны. Жители Баканасского сельского округа проявляют ответственность и активно участвуют в голосовании. Все избирательные участки работают в штатном режиме». Аким села подчеркнула, что …









